Алматы перзентханасындағы келіншектер дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы перзентханасындағы келіншектер дауыс берді

06.10.2024

Алматыда перзентханадағы жас аналар мен жүкті келіншектер де, еліміз үшін маңызды күннен қалыс қалып жатқан жоқ. Олар республикалық референдумға белсенді ат салысып жатыр. Қаладағы нөмірі 311 референдум учаскесінде таңертеңнен ерте тұрып, дауыс берді. Референдум - балаларымыздың болашағы үшін маңызды қадам дейді жас аналар.

Айжан Жакен, жас ана:

Халықтың шешімі қалай болады солай қолдаймын. Сайлауға жиі қатысамын. Бәріне қатысып тұрамын.
Гүлшат Ысқақова, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігері:
Көңіл-күйі жақсы. Өздері келіп әркім өз таңдауларын жасап жатыр. Бізде көбінесе босанған және жүкті әйелдер жатқаннан кейін бір сағаттың ішінде әйелдердің 80 пайызға дейін әйелдеріміз келіп, дауыс берді.
Лаура Биғали

Хабарламаларға жазылу