Түркияда отандастарымыз дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда отандастарымыз дауыс беріп жатыр

06.10.2024

Түркиядағы референдум учаскелерінде де отандастарымыз дауыс беріп жатыр. Анкарадағы Қазақстан елшілігі және Стамбұл мен Анталия қалаларындағы консулдық ғимараттарында орналасқан учаскелер уақыт айырмашылығына байланысты шамамен бір сағат бұрын ашылды. Стамбұл қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы ғимаратында орналасқан нөмірі 387-ші референдум учаскесінде тіркелген 1 500-ден аса қазақстандықтың көпшілігі студенттер. Таңертеңнен бастап жастардың белсенділігі байқалады. Әр университет топ тобымен келіп таңдауларын жасап жатыр. Сонымен қатар Түркияға демалуға немесе іссапарға келген ел азаматтары да Стамбұл, Анкара және Анталия қалаларында орналасқан үш учаскенің біріне барып дауыс беруіне болады.

Нұрболат Арзамасұлы, әнші, композитор
Іссапармен келген жайымыз бартын Стамбұл шаһарына іссапарда жүрсек те, жырақта жүрсек те бейжай қарамайық деп, ұлттық референдум 6 қазан деп белгіленген соң, Президент жолдауымен, ел азаматы ретінде өзміздің ойымызды білдірейік деп таң атпай дауыс беруге келдік.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу