Алматы облысында ретро көліктер шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында ретро көліктер шеруі өтті

06.10.2024

Қонаев қаласында бүгінгі референдумға орай ретро көліктер шеруі өтті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, 10 шақты көлік қала көшелерімен жүріп өтіп, референдум учаскелерін аралап шыққан. Шараға ақ жаулықты әжелер ансамблі, ардагерлер мен шетелдік қонақтар қатысты.

Жылжымалы көрмеде көпшілікке Дінмұхамед Қонаевтың автомобилі де көрсетілді. Қатысушылар мұндай шарадан қалмайтындарын айтады. Сондай-ақ, барлығы азаматтық парызын өтеп, дауыс берген.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу