Сарапшы: Референдумда әлеуметтік сипат басым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Референдумда әлеуметтік сипат басым

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Елімізде бұған дейін үш референдум өткен. Олардың сипаты саяси-құқықтық болса, биылғы төртінші референдумда әлеуметтік сипат басым. Референдум процестері арқылы тек демократиялық құндылықтар ғана емес, жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына да куә болып отырмыз, дейді сарапшылар.

Бауыржан Серікбаев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы

Референдум бұл демократияның ажырамас бір бөлігі. Халықтың өзінің пікірін білдіретін, өзінің көзқарасын білдіретін. Көріп отырмыз, мына халықтың қарасы үзілмей, келіп жатыр. Белсенді деп айтуға болады халқымыз. Меніңше осындай референдум процестері арқылы біздің елімізде демократиялық құндылықтар, жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуының көрінісін көруге болады.

Нұрбек Пұсырманов, Мемлекет тарихы институтының директоры

Бұл идеяның айтылуы 400 күн бұрын болды. 20 астам қоғамдық бірлестіктер, 6 саяси партия бірігіп халықтық штаб құрды. Осы штабтың аясында олар мына қоғам үшін маңызды идеяны демократиялық шешім қабылдау түрінде сайлаушылармен бірге жан-жақты қолдаушыларын да шақырған болатын. Референдумның бұл артықшылығы деп айтсақ болады.

Мақпал Жақыпбек


Хабарламаларға жазылу