Бүркітшілер әулеті дауыс беруге ерекше дайындықпен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүркітшілер әулеті дауыс беруге ерекше дайындықпен келді

06.10.2024

Абай облысына қарасты Көктерек ауылында тұратын бүркітшілер әулеті таңдауын жасады. Құс баптап, саятшылықпен айналысатын Қайдар Нұман отбасымен өзі тіркелген №464 сайлау учаскесіне келді.

Бүркітші дауыс беру үшін ерекше дайындықпен келіпті. Қолдарына құсын қондырып, тазысын жетектеп, қазақы нақыштағы киім киюді де ұмытпапты. Айта кетейік, әулеттің отағасы Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол 40 жылға жуық уақыт бойы отбасымен ұлттық спорт түрлерінің дамуына үлес қосып келеді.


Хабарламаларға жазылу