Референдум: Екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум: Екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Референдумда сауалнама жүргізіп, үгіт-насихат жасаған екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынды. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі мәлім етті. Ал, жалпы қоғамдық тәртіпке қатысты заң бұзушылық тіркелмеген.

Естеріңізге сала кетейік, референдум күні «былай дауыс бер» деп үгіт-насихат жүргізуге және «қалай дауыс бердің» деп сауалнама жасауға болмайды. Референдум учаскелеріне 18 мың полицей жұмылдырылған. Бүгін құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.




Хабарламаларға жазылу