ШЫҰ байқаушылары: референдум заңға сай өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ байқаушылары: референдум заңға сай өтіп жатыр

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

АЭС салу бойынша рефрендум ашық, заңға сай өтіп жатыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылары осылай деді. Осы сағатта заң бұзушылықтар тіркелмеген. Халықаралық байқаушылардың жұмысына, азаматардың таңдау жасауына барлық жағдай жасалып, ақпарат жан-жақты толық берілген. Бұған қоса ұйым өкілдері азаматтық қоғам өкілдері әр учаскеде дауыс беруге белсене қатысып жатқанын айтты.

Олег Копылов, ШЫҰ байқаушылары миссиясының басшысы:

Референдум мінсіз өтіп жатыр. ШЫҰ-нан 13 байқаушы келдік. Бірқатар сайлау учаскесінде болдық. Барлығы жақсы ұйымдастырылған. Адамдар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр. 50 пайыздан астамы өз таңдауын жасады. Комиссия мүшелері мен байқаушылардың дайындығы жоғары деңгейде.


Хабарламаларға жазылу