Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова өз таңдауын жасады

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

ШҚО-да референдум учаскелеріне дауыс берушілер әлі де келіп жатыр. Аймақтағы танымал тұлғалар да саяси науқаннан шет қалып жатқан жоқ. Олардың қатарында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар. Спортшы өзінің құқығын пайдаланып, таңдау жасау үшін №7 референдум учаскесінде өз дауысын берді.

Спортшы кәмелеттік жасқа толғаннан бері бірде-бір дауыс беруден қалмағанын айтады. Тіпті Қазақстаннан жырақ, жарыстарға кеткенде де әркез өз таңдауын жасап үлгеріп жүрген. Айтулы додаларда ел намысын қорғап, жастарға үлгі болған ол, референдумның маңыздылығын терең түсінеді.

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

Бүгін әдеттегідей өзімнің азаматтық позициямды білдіру үшін осында келдім. Сәл ауырыңқырап тұрсам да сайлау учаскесіне келіп, дауыс бердім. Себебі елімнің патриоты болғандықтан осындай маңызды референдумнан қалыс қалмауым керек. Бұл барша қазақстандықтардың міндеті деп есептеймін.


Хабарламаларға жазылу