Учаскелерде дауыс беру әлі бір сағат жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Учаскелерде дауыс беру әлі бір сағат жүргізіледі

06.10.2024
0:00:00
0:00:00

Шамамен бір сағаттан кейін референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі тоқтайды. Содан кейін дауыстарды санау басталады. Ал қазір учаскелерде дауыс беру жалғасып жатыр. Астанадағы 352 референдум учаскесінің бірінен әріптесім Серік Жұмабек тікелей эфирге қосылды.


Серік Жұмабек, тілші:

Мен дәл қазір Қ.Қуанышбаев көшесіндегі №68 дауыс беру учаскесінде тұрмын. Бұл жерде бүгін дауыс беруге құқылы. Әлі де келіп жатқан азаматтар бар.
Артур Ізтілеуов, №68 референдум учаскесі төрағасының орынбасары:
Бір сағаттан кейін елдегі 10 323 референдум учаскесінің жұмысы толық аяқталып, бюллетеньдерді санау басталады. Қоғамдық науқанның нәтижесі дауыс берген күннен бастап 7 күн ішінде жарияланатынын еске сала кетейін.

Хабарламаларға жазылу