Мемлекет басшысы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бас қосты. Кездесуге - Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаев қатысты. Әңгіме барысында ел өмірінің мәдени-гуманитарлық саласымен қатар, қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, латын әліпбиіне көшу, демографиялық ахуал, көші-қон саясаты, үш тілде білім беру жүйесін енгізу сияқты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Мемлекет басшысы өзінің таяуда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының кейбір бағыты мен басымдықтарына тоқталды. Сондай-ақ, Тәуелсіздік жылдарында іске асырылған ірі шығармашылық жобалардың маңызды мәселелері қарастырылды. Мәселен, Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды қалпына келтіруге септігін тигізген «Мәдени мұра» бағдарламасы, сондай-ақ әлемнің жетекші архивтерінен еліміздің тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинақтап, талдау жүргізуге мүмкіндік берген «Халық тарих толқынында» бағдарламасы әңгімеге арқау болды.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы зиялы қауым өкілдерімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20055/)