Түркістанда Қазыбек бидің еңселі ескерткіші бой көтереді. Бұл жаңалық Қарағандыда ұлы бабаның 350 жылдығына орай өткізілген «Ұлттық руханият және Қаз дауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Арқа төрінде өткен рухани шараға Түркістаннан арнайы келген топ қарағандылық мүсіншілермен кездесті. Бұған дейін еліміздің әр өңірінен Қазыбек бидің ұлт руханияты мен дүниетанымына қосқан үлесін айқындайтын 120-дан астам зерттеу материалдары келіп түскен. Соның 76-ы арнайы жинақ болып топтастырылып, жарыққа шықты.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістанда Қазыбек бидің ескерткіші бой көтереді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20057/)