Биыл мүгедектігі бар азаматтарға 777 мыңнан астам қызмет түрі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл мүгедектігі бар азаматтарға 777 мыңнан астам қызмет түрі көрсетілді

08.10.2024

Биыл мүгедектігі бар азаматтарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 777 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері 675 мың адам оңалту техникаларын, 67 мыңнан астамы санаторилік-курорттық емдеу, 8,5 мың адам ымдау тілі мен 26 мың 200 адам жеке көмекшінің қызметіне жүгінді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар тауар сапасыз болса, оны қайта өткізе алады. Өтінішті портал қызметі 5 күн ішінде қарауы тиіс. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу