Астаналық Биали Бекенов Брюссельде өткен «Мерси, Маэстро!» атты жас пианиношылар халықаралық байқауында жеңіске жетті. 7 жастағы жерлесіміз «Ең жас орындаушы» номинациясы бойынша лауреат атанды. Үш күнге созылған байқауға әлемнің 28 елінен 100-ден астам музыкант қатысқан. Қазылар алқасының мүшелері қазақстандық балғынның өнеріне тәнті болып, болашағынан зор үміт күтетіндерін мәлімдеді. Қазақ Ұлттық өнер университеті жанындағы музыкалық академияның 1-сыныбында оқитын Биалидің ендігі арманы - өнерімен әлемді бағындыру.
НұрсұлуҚасым
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астаналық пианиношы Биали Бекенов Брюссельде өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20065/)