ҚР ІІМ: Талғардағы қылмыстық іс бойынша 600 адамнан жауап алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ІІМ: Талғардағы қылмыстық іс бойынша 600 адамнан жауап алынды

15.10.2024

Талғардағы 16 жасар Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша 10 күдікті қамауда отыр. Тағы екі адам тергеліп жатыр. Жалпы осы қылмыстық іс пен оқиғадан кейін болған өртке қатысты бас аяғы 600 адамнан жауап алынды, - деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов. ((КСМ)) Журналистерге дүкеннің бейнебақылау камерасына түскен видеоны көрсеткен құзырлы орган өкілдері екі әйел жанжалдасқандарды сабырға шақырып, төбелеске ұмтылғандарды ажыратуға тырысқанын айтады. Оқиғаға қатысты кісі өлтіру, бұзақылық, қоқан-лоққы жасау, қылмысты құзырлы органдарға хабарламау сынды айыптармен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Айғақ зат ретінде 3 пышақ, 1 мылтық тәркіленген. Алматы облысының прокуроры Берік Адамов осы іс бойынша соттың онлайн режимде ашық өтуін сұрайды.

Бауыржан Әленов, ҚР ІІМ бірінші орынбасары:

Біз осы уақытқа дейін қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарына байланысты шектелуде болдық. Тергеу мәлімттерін көпшілікке жария ете алмадық. 201 бап бар екені баршаңызға мәлім. Дегенмен, ақпарат кеңістігінде жалған мәліметтердің тез таралуына байланысты прокуратурамен келісімге келіп, кейбір мәліметтерді ашық түрде талқылау үшін жиналдық.

Прокурор: Өртенген үйден айғақ заттар табылды

«Ал, марқұмның отбасы тұрған үй, сыртынан бастап өртенгені анықталды», - деді Алматы облысының прокуроры Берік Адамов. Оның сөзінше, оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалған. Үйдің маңынан резеңке қолғап пен сұйықтық құятын ыдыс табылған. Қазір айғақ зат сараптамаға жіберілген. Шығын көлемі анықталуда. «Бұл істі ашық әрі объективті жүргізуді жалғастырамыз», - деді прокурор.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу