Олжас Бектенов: Саран қаласының жылусыз қалуына кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Бектенов: Саран қаласының жылусыз қалуына кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

15.10.2024

Күздің қара суығында жылусыз қалған Саран қаласы тұрғындарының мәселесін энергетика министрі барып, өзі тексереді. Кінәлі дегендердің барлығы жауапқа тартылады. Премьер-Министр Олжас Бектенов осылай деді. Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Қарағанды облысының әкімі қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сарандағы жылу мәселесі Үкіметтің бақылауында. Елдімекенде жаңа жылу орталығы сыр беріп, 80-ге жуық үй жылусыз қалған еді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

Бүгін бәрін аяқтау қажет. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады. Осы отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу