Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Ербол Шаймерденұлын еске алуға арналған кеш өтті. Көрнекті жазушы-публицист бар ғұмырын мемлекеттің қалыптасып, дамуына арнады. Жиырмаға жуық кітап жазды. Ең көлемдісі - «Қазақстан рәміздері туралы» еңбегі. Бұдан басқа әлемдік афористика классиктерінің және қазақ авторларының туындыларын орыс тіліне аударды.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Астанада жазушы Ербол Шаймерденұлын еске алу кеші өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20126/)