Шарада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов студенттерге жалынды жырларын оқып, тағылымды әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, атақты ақын Елбасының «Рухани жаңғырудан» туындайтын жарқын жобаларын түсіндіріп, болашақ ауыл шаруашылығы мамандары қазақтың тамырлы тарихын терең білу керектігін де айтты. Шайырмен емен-жарқын жүздесіп, тілдескен белсенді жастар да Мемлекет басшысының мақаласын іске асыруға бар күш-жігерін жұмсап, алтын бесік ауылды гүлдендіру үшін тынымсыз еңбек ететіндіктерін жеткізді.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Олжас және жастар» поэзия фестивалі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20140/)