Елордада атақты Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен «Қайшылықтар» спектаклі қойылмақ. Қос балеттің де ерекшелігі стилі мен ғажайып хореографиясында болмақ. Хореограф – бразилиялық Рубен Терранова. Премьера мамырдың 25-сі мен 26-сында өтеді. Оған 25 биші 4 аптадан бері күніне 4 сағаттан дайындалып жүр. Ал, қойылымда түстердің кереғарлығы, жарық пен көлеңкенің, қиял мен шындықтың музыкалық композициясы би арқылы көрсетілмек. Балет авторлары қойылым кезінде «көрермендер қиял-ғажайыптар әлеміне саяхаттайтынына кепілдік береміз,- дейді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада атақты Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен «Қайшылықтар» спектаклі қойылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20142/)