«Мәңгілік елдің алтын адамы». Осындай атаумен Атырауда республикалық театрлар фестивалі басталды. Өнер додасы белгілі ақын-драматург Иран Ғайыптың шығармашылығына арналған. Халықаралық «Алаш» және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері Иран Ғайыптың жырлары өзіндік қанық бояуымен ерекше. Ол тек ақын ғана емес, 50-ден астам шығармасы сахналанған драматург.
80 жылдық тарихы бар жергілікті Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры фестиваль шымылдығын «Сүйінбай» спектаклімен ашты. Мұрат Ахманов режиссерлік еткен туындыда қазақ-қырғыз арасындағы байланыс бейнеленген. Әртістердің шеберлігін бағалайтын қазылар алқасы да осал емес. 3 күнге созылатын фестиваль аясында атыраулықтар 5 театрдың өнерін тамашалайды. Олардың қатарында Қырғыз, Литва елдерінен келген сахна майталмандары да бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда республикалық театрлар фестивалі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20155/)