Саранда жұртты жылусыз қалдырғандар жауапқа тартылды. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен облыстық энергетика басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алды.
Ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту берілген.
Қазір жергілікті қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Отын қоры жеткілікті.
Айта кетейік, екі апта бұрын Саран тұрғындары үйлерінде жылу жоқ екенін айтып шағымданған еді.
Ал Премьер-министр Олжас Бектенов жылыту маусымына дайын болмай, жалған ақпарат бергендер жауапқа тартылатынын айтқан болатын.
Досжан Маратұлы