Күрестен үш дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрестен үш дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан елге оралды

29.10.2024

Күрестен үш дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан елге оралды. Ел мақтанышын Алматы әуежайынан жанкүйерлері мен жақындары сән-салтанатпен күтіп алды.

Отандасымыз Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Ұлттық құраманың спортшысы финалда ирандық қарсыласы Махди МұхарамӘли Морафаны жеңді. Осылайша, Ризабек Айтмұхан 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ палуаны.

Айта кетейік, ел мақтанышы былтыр Сербияның Белград қаласында өткен ересектер арасындағы сайыста, ал биыл Испанияның Понтеведра шаһарындағы додада қарсылас шақ келтірмей, 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы атанған еді.

Ризабек Айтмұхан, Күрестен үш дүркін әлем чемпионы:

Өте сәтті өтті мен үшін осы әлем чемпионаты. Бүкіл белесте өзімді жақсы сезіндім. Жанкүйерлердің қолдауын сезіндім. Қазақ елінің. Әр белеске тактикамен шығып, бар күш-жігерімізді салдық. Алдағы мақсат осымен тоқтамай еңбектенеміз. Әлі көптеген жарыстар бар. Ересектер арасында.


Хабарламаларға жазылу