Саран қаласының әкімі қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саран қаласының әкімі қызметінен кетті

30.10.2024

Қаланы жылу маусымына дер кезінде дайындамаған Саран қаласының әкімі қызметінен кетті. Сондай-ақ бірнеше жауапты тұлға қатаң сөгіс алды. Бұл жайлы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, күн суытып, жылу беріле бастағанда Саран қаласында 80-ге жуық үй жылусыз қалған еді.

Жағдайды реттеу үшін Энергетика министрінің басшылығымен арнайы комиссия құрылып, қосымша қазандықтарды қосуға тура келді. Әзірге қала әкімінің орынбасары Мақсат Қайрешов әкімнің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу