Алматы облысының Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды. Ерлан Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, кейін Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында еңбек еткен.
Айта кетейік, Шерзат Болаттың өлімінен кейін Талғар ауданында бірнеше шенеунік жазаланды. Қайғылы оқиғадан соң Талғар қаласының әкімі, оның орынбасары өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымынан босатылған. Сондай-ақ Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры да қызметінен кетіп, бүгін ауданға жаңа прокурор тағайындалды.
Жазира Оразқызы