Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековты қабылдады. Мемлекет басшысы кездесуде көрнекті ғалымды 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ, оның ел алдындағы еселі еңбегін ескере отырып, бірінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Мырзатай Жолдасбеков өз кезегінде қызметін жоғары бағалағаны үшін Елбасыға алғысын білдірді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрсұлтан Назарбаев Мырзатай Жолдасбековті мерейтойымен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20179/)