Осыдан 100 жыл бұрын жарық көрген «Абай» журналы оқырмандарға жол тартты. Бұған дейін «жоғалды» деп есептелген басылымның 12-ші санын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінінің докторанты Алтын Ақынбекова тапқан. Жалпы, «Абай» журналы 1918-жылы Алаш қайраткерлері - Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің басшылығымен жарық көрді. Авторлар сол тұстағы қоғамдық-саяси көзқарастары мен қазақтың хал-ахуалының мүшкілдігін айқын аңғарта білген.
Енді табылған журналды терең зерттеп, зерделеу міндеті тұр. «Ал, Елбасының рухани жаңғыруы осындай жоғалған асыл мұраларды тауып, айналымға қосуға септігін тигізеді», дейді ғалымдар.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Абай» журналының 12-ші саны қайта жарық көрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20180/)