Алматы облысында «ЮНЕСКО» халықарлық ұйымының мәдени мұралар қорына енгізілген үш ескерткіштің бірі - Сарқан ауданында орналасқан ежелгі Қойлық қаласы. 9-13 ғасырларда бұл шаһар Жібек жолы бойындағы ірі сауда-саттық және мәдени орталық болған. Француз елшісі әрі саяхатшысы Гильем де Рубрук өз жазбаларында қаланың ерекшеліктерін атап өткен. Көне жазбалардағы мәліметтер Қойлықтағы қазбалардан өз дәлелін тауып отыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қойлық қойнауындағы тарих&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20183/)