Мүгедектігі бар адамдарға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедектігі бар адамдарға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізіледі

31.10.2024

Мүгедектігі бар азаматтарды кемсітуге жол берілмейді. Олардың құқығы заңмен қорғалмақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, арнайы заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, қолданыстағы «мүгедектік», «балалар мүгедектігі» және басқа да ұғымдар БҰҰ-ның мүгедектігі бар адамдардың құқығы туралы конвенциясына және әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне сәйкестендіріледі.

Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

Сонымен қатар мүгедектігі бар көшіп-қонушы балалар мен босқын балаларға әлеуметтік қорғау шараларын, медициналық көмекті және инклюзивті білім алуға ұсыныстар әзірленеді. Сот ісін жүргізуге инклюзивті мамандардың қатысуы мүгедектігі бар адамдардың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Пенитенциарлық мекемелерде де мүгедектігі бар адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту үшін инфрақұрылымды кезең-кезеңімен қайта құру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, биыл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бюджеттен 624 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек Skills Enbek платформасындағы кейбір ақылы курстар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тегін болмақ.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу