Президент 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады

01.11.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеспек.

Армангүл Тоқтамұрат


Хабарламаларға жазылу