Испанияда тасқын құрбандарының саны 150-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда тасқын құрбандарының саны 150-ден асты

01.11.2024

Испанияны жайлаған тасқын құрбандарының саны 158-ге жетті. Мұндай алапат су апаты елде соңғы 50 жылда болмаған. Тасқынның жүруіне толассыз жауған нөсер жауын себеп болды. Жоғалып кеткендердің нақты саны белгісіз. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Табиғи апаттан Валенсия автономиялық қауымдастығы орасан зардап шеккен. Мұнда 75 мыңдай адам электр жарығынсыз қалды. Көптеген аудан тұрғындары ауыз сусыз отыр. Өңірді елдің басқа қалаларымен жалғайтын көлік жолдары мен теміржол істен шыққан. Табиғи апатқа байланысты елде үш күн қаралы деп жарияланды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу