Премьер трансұлттық компаниялардың басшыларымен жолықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер трансұлттық компаниялардың басшыларымен жолықты

01.11.2024

Олжас Бектенов «GE HealthCare» трансұлттық компаниясының басшысымен кездесті. Тараптар озық медициналық диагностикалық құрал-жабдықтар өндірісін локализациялау мәселелерін, Қазақстанда клиникалық бейнелердің орталықтандырылған ұлттық мұрағатын құру жоспарларын талқылады.

Бұдан бөлек Үкімет басшысы «Fufeng Group» басшысымен кездесті. Онда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жаңа жобаны іске қосу мәселесі айтылды. Интеграцияланған өнеркәсіптік парк құру туралы компанияның ұсынысы талқыланды. Сондай-ақ инвестор көмір-химия секторындағы ынтымаққа қызығушылық білдірді.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу