Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 205-ке жетті. Марқұмдардың көбі - Валенсия тұрғындары. Мұндай тасқын елде соңғы 50 жылда болмаған. Құтқарушылар кейбір аудандарға әлі де жете алмай жатыр. Ондаған адамның тағдыры белгісіз. Жоғалғандарды іздестіруге 500-дей әскери тартылған. 75 мыңдай тұрғын әлі электр жарығынсыз отыр. Испанияда сейсенбіде 8 сағатта жауын-шашынның бір жылдық мөлшері жауған. Іле-шала тасқын жүрді. Өзендер арнасынан тасып, жолдар бұзылды. Инфрақұрылымға жүздеген миллион еуро шығын келген.
Арай Төлегенқызы