«Бес күн». Астанада осындай атаумен белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың көрмесі ашылды. Шара «ЭКСПО» көрмесіне орай ұйымдастырылған.
Ерболат Төлепбай - еліміздің ең танымал заманауи суретшілерінің бірі. Оның шығармалары шет елдерде кеңінен тараған. Қылқалам шеберінің суреттері сұлулығымен ғана емес, философиялық ой-толғауларымен де ерекшелінеді. Бұл көрмеге 60-тан аса туынды қойылған. Олардың барлығы ана тақырыбында салынған.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың көрмесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20195/)