Қазақстанда жүк көлігін шығаратын зауыт ашылады. Кәсіпорын Қарағанды облысының Саран қаласында салынбақ. Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелі кезінде, қос тараптың қомпаниялары бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды. Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов екі ел арасындағы ынтымақ жоғары қарқынмен дамып жатқанын жеткізді.
Жақын арада өзара сауда көрсеткішін екі есеге арттыру жоспарланып отыр деді. Сонымен бірге қытайдың жетекші компаниялары өкілдерімен жалпы сомасы 2,5 миллиард доллар болатын 8 коммерциялық келісімге қол қойылды.
Асылбек Данияр