Оралда пара алып жатқан жерінен қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов ұсталды. Судьямен бірге екі адвокат та құрықталды. 1,5 млн теңге көлеміндегі пара алу сотталған азаматқа оң шешім шығару үшін көзделген. Тергеу шарасын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен облыстық департамент қызметкерлері жүргізіп жатыр.
Ардақ Мұратқызы