Ганада жүздеген адам заңсыз алтын кеніштерінің жұмыс істеуіне қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ганада жүздеген адам заңсыз алтын кеніштерінің жұмыс істеуіне қарсы шеруге шықты

05.11.2024

Ганада жүздеген адам заңсыз алтын кеніштерінің жұмыс істеуіне қарсы шеруге шықты. Олар үкіметті қауіпті әрі қоршаған ортаға зиянын тигізетін тәжірибеден бас тартуға үндеді. Лицензиясыз кеніштер биыл 1 млн 200 мың унция алтын өндірген. Заңсыз өндіріс, әсіресе, алтын 30 пайызға қымбаттағаннан кейін тіптен күшейген.

Жасыры кеніштер адам денсаулығына қауіп төндіреді, суларды ластайды, орман мен какао фермаларының жойылуына әкеледі. Тіпті қылмысты өршітеді деп қауіптенеді. Наразы тұрғындар пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге тыйым салуды талап ететін петиция жариялады.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу