Парижде Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Президент Эмманюэль Макрон қарсы алды. Қос елдің мемлекеттік әнұраны шырқалды. Бұдан соң лидерлер республикалық гвардия, әуе-ғарыш, құрлық және теңіз әскерлерінен жасақталған Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтті. Құрмет қарауылының салтанатты шеруін тамашалады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін және құрметті қонақтарды таныстырды.
Айя Мүтәлі