Бакуде БҰҰ климаттық саммит ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бакуде БҰҰ климаттық саммит ашылды

11.11.2024

Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттық саммиті ресми түрде ашылды. Онда қозғалатын негізгі мәселелердің бірі - климаттың өзгеруімен күрес шараларын қаржыландыру. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл мақсатқа шамамен 2,2 триллион еуро қажет. Конференцияға Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі конвенциясына қол қойған 198 елден делегаты қатысу керек. Олардың қатарында 50 президент бар.

Айта кетсек, мұндай жиын посткеңестік кеңістікте алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Форум барысында Бакуге 80 мыңдай шетелдік мейман баруы мүмкін.

Саммитте қаржыланду мәселесімен бірге жасыл энергияға көшу, атмосфераға тарайтын улы газ мөлшерін төмендету, климаттық өзгерістің зиянын азайту сияқты проблемалар талқыланады.

Мұхтар Бабаев, БҰҰ ХХІХ климаттық конференцияның президенті:

Ханымдар мен мырзалар, біз ертеңімізге бүгін инвестиция салуымыз керек. Әріптестер, біз күйреуге апаратын жолда тұрмыз. Бұл болашақтың мәселесі емес. Климат қазір өзгеріп жатыр. Ал адамдар көзден таса жерде өліп жатыр. Оларға жанашырлық дұға мен қағазбастылықтан көбірек қажет. Адамдар бізді лидерлік пен әрекетке шақырып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу