Биткоинның бағасы рекорд жаңартып, 81 мың доллардан асты. Сарапшылардың ойынша, оның күрт қымбаттауына Дональд Трамптың Ақ үйге оралуы және Конгреске криптовалюта жақтастарының өтуі себепші. Соңғы мәліметке қарағанда, биткоин бір жыл бұрынғы 38 жарым мың долларлық бағамына екі еседен артық құн қосып отыр. Трамп үгіт-насихат науқанында Құрама Штаттарды «Планетаның крипто-астанасы» етуге уәде берген еді әрі биткоиннан ұлттық қор жинайтынын мәлімдеген.
Арыстан Рысбек