Ұлттық мәдениет, салт-дәстүр мен қолөнер бұйымдарын кеңінен таныстыру - этникалық туризмді дамытудың негізі. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысында туристік жәрмеңке ұйымдастырылып, оған келушілер этноауыл көрмесін тамашалады. Жәрмеңкеге өңірдегі 40-тан астам қолөнер шебері қатысты. Олар көпшілікке ағаштан, киізден, саз балшықтан, тері мен матадан жасаған бұйымдарын көрсетті.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Қазақстан облысында туристік жәрмеңке ұйымдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20235/)