Мәжілісте «Келешек» бағдарламасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте «Келешек» бағдарламасы талқыланды

13.11.2024

5 жастан аcқан балалар «Келешек» бағдарламасымен мемлекеттен бастапқы капитал ала алмайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Мәжіліс отырысында мәлімдеді. Бүгінде мемлекет бөлетін алғашқы жарна көлемі әр бала үшін 221 мың теңге. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет 443 мың теңге төлейді. Депутаттар қазір оқудың қымбаттап жатқанын, жинақталған соманың жеткіліксіз болатынын айтты.

Талғат Ешенқұлов, Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары:

Бұл бағдарлама білімді қаржыландырудың негізгі көзі емес. Біз модельдеп көрдік. Егер 1 АЕК-тен жинап отырса, бала 18-ге толғанша 3,6 млн теңгеден астам қаражат, 2 АЕК-тен жинаса, 8 млн теңгеге жуық, 5 АЕК-тен жинаса, 10 млн теңге қаражат жинақталады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу