200-ден астам адамның өмірін қиған алапат тасқыннан ес жинап үлгермеген Испанияның Валенсия өңірінде қайта дүлей дауыл соғып, нөсер жауын жаууы мүмкін. Тұрғындар тасқынға жол бермеу үшін құм толтырылған қаптарды дайындап жатыр. Өңірде қауіптің сарғылт түсті белгісі жарияланды. Күн райын бақылаушылар 12 сағатта 120 мм жауын жауып, күшті жел тұруы мүмкін екенін ескертті. Тұрғындарға ұзақ сапарға шықпай, мейлінше үйде отыруға кеңес берілді. Кейбір аудандарда сабақ тоқтатылып, спорттық шаралар кейінге қалдырылған.
Арай Төлегенқызы