Ресейде қауіпті «коксаки» вирусы өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде қауіпті «коксаки» вирусы өршіп барады

13.11.2024

Ресейдің тоғыз аймағында балалар қауіпті «коксаки» вирусын жұқтыруда. Әсіресе Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында инфекция күрт көбейді. Роспотребнадзор Ресей аймақтарында мектеп пен балабақшаларда қауіпсіздік шараларын жариялап, сенім телефонын іске қосты. Бұл вирусты жұқтырғандарда тамақ ауруы және бөртпе кездеседі, ал инфекция гигиеналық талаптарды сақтамаудан да жұғады, - дейді дәрігерлер.

Николай Малышев, дәрігер:

Осыдан 12 жыл бұрын да Мәскеуде осы коксаки вирусы тіркеліп, науқас балалардың саны күрт өсіп еді. Бұл індет көбіне ауыр түрде өтеді. Менингит және өзге де қауіпті ауру түрлеріне әкелуі мүмкін. Вирус жұқтырғандарда кейін иммунитет қалыптасуы тиіс.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу