Мемлекет басшысы СOP29 Дүниежүзілік климат саммитінде ұсынылған Қазақстанның павильонына барды. Этностильдегі көрме еліміздің мәдениетін, инновациялық және экологиялық жобаларын паш етеді. Президентке жасыл сутегін өндіретін Hyrasia One болашақ зауытының макеті таныстырылды. Павильонға келушілер Қазақстанның биоалуантүрлілігі, сондай-ақ сирек кездесетін немесе жойылып кету қаупі бар Тұран жолбарысы, Пржевальский жылқысы, киік және қар барысы секілді жануарларды көбейту шаралары жөнінде мағлұмат алады.
Динара Жарқынбек