Шымкент қаласында халық санының өсуі мен өндіріс орындарының көбеюінен электр энергиясының тапшылығы күшейіп барады. Бүгінгі таңда мегаполис сағатына 550 мегаватт қуат тұтынатын болса, соның үштен бірін ғана жергілікті жердегі жылу энерго орталығы өндіріп келеді. Қалған бөлігі еліміздің солтүстік аймағынан тасымалданады.
Осыдан 60 жыл бұрын салынған жылу энерго орталығының бүгінде тозығы жеткен. Тығырықтан шығу үшін қала әкімдігі түркиялық инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Сағатына 500 мегаватт энергия өндіретін бу-газ қондырғысын салу жоспарланған. Сондай-ақ бұл орталық 200 гигоколория жылу шағаратын болады. Оны салуға 700 миллион доллар қаржы жұмсалмақ.
Ризабек Меңдіқұлов, Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы:
Бу-газ қондырғысы бойынша жоспарымызда осы жылы құрылысы басталады. Аяқталуы 2027 жыл. Қазір үкіметтің жоспары бойынша Бейнеу-Бозой-Шымкенттің екінші желісі 2027 жылы аяқталады. Соған дейін біз бу-газ қондырғысын аяқтауымыз керек.
Ғани Қалмаханов