Министрлік: «Коксаки» вирусы Қазақстанда тіркелген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министрлік: «Коксаки» вирусы Қазақстанда тіркелген жоқ

14.11.2024

Ресейдің тоғыз аймағында тараған «коксаки» вирусы бізде тіркелмеген. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Күні кеше «РосПотребНадзор» Ресей аймақтарындағы мектеп пен балабақшаларда қауіпсіздік шараларын жариялап, сенім телефонын іске қосты. Вирус әсіресе балалар арасында көбейген. Басты белгілері тамақ ауырып, ауыз айналасында, алақан мен аяққа бөртпе пайда болады. Мамандар инфекцияның 97%жеке гигиена сақтамағаннан болады деп отыр.


Хабарламаларға жазылу