6 жастағы қазақстандық Хәдия Қонаева джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.
Ол Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен халықаралық байқаудың ең жас жеңімпазы. Қарсыласын арқасына лақтыру және аяқтан шалу сияқты өзіндік тәсілдер арқылы 11:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл Хәдияның әлемдік деңгейдегі алғашқы жарысы. Сайысқа 2 жылдай тыңғылықты дайындалған.