«Үркер-2017». Биыл алғаш рет Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында баспа, радио, интернет-журналистика саласының қызметкерлері осындай ұлттық сыйлыққа ие болды. Жүлде 15 аталым бойынша табысталды. Үміткерлерді еліміздің қоғам қайраткерлері мен журналистика саласының майталмандарынан құралған қазылар алқасы таңдады. Сондай-ақ, журналистиканың кешегісі мен бүгінгісі сараланып, Қазақстан ақпарат құралдарының аяқ алысын арттыру үшін атқарылуы тиіс жұмыстар айтылды.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Үркер-2017» ұлттық сыйлығы табысталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20271/)