Алматыда колледж қызметкерлері мен жұмыс берушілер бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда колледж қызметкерлері мен жұмыс берушілер бас қосты

21.11.2024

Отандық оқыту бағдарламаларын қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына бейімдеу қажет. Сол кезде жастар жұмыссыздығы да жойылады. Бүгін Алматыда стратегиялық сессия ұйымдастырылып, колледждер және жұмыс берушілер бір алаңда бас қосты. Олар білім беру және еңбек саласына цифрлық технологиялар енгізудің тиімді жолдарын талқылады. Бизнес саласындағы жетекші сарапшылар өздеріне қажет қызметкерлерге қойылатын басты талаптарды атап өтті. Сондай-ақ білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер болашақ мамандар үшін сұранысқа ие цифрлық дағдыларды сөз етті. Мұндай шаралар оқыту бағдарламаларының тиімділігін арттырып, жаңа идеялар мен нақты шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді, - дейді ұйымдастырушылар.

Айдана Қалышева, колледж қызметкері:

Әрине жұмыс берушілерге тек ғана өз мамандығыңды біліп қоймай, сонымен қатар цифрландыру дәуірінде осы жағынан да үлкен үлкен талап қойылады. Жұмысшы біліктілігі бір іс-әрекетті орындау ғана емес, оны қандай да бір дерекқорына енгізу секілді қосымша талап қойылып жатыр.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу