Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады. Ведомство мәліметінше, бүгін-ертең Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді.
«Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу аясында өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ», делінген хабарламада.
Динара Жарқынбек