Астанада 1500 отбасыға дабыл құрылғысы тегін орнатылады. Жабдық - улы газбен, түтін кезінде дыбыстық дабыл қағады.
Бүгін осы арнайы құрылғы 8 баласы бар отбасының шаңырағына қойылды. 37 жастағы Зульфия Жұмабаева 8 баласының да кәмелетке толмағанын айтады. Сондықтан, өрттен, ыстан қатты қорқамын дейді.
Мұндай рейдтік шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр. Мақсат - өрт қаупін азайтып, адамдардың өмірін сақтап, қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Төтенше жағдайлар қызметімен қатар, бұл іске полиция, әкімдік өкілдері, еріктілер атсалысуда. Мәселен, бүгін бір ғана Астана қаласы бойынша 500-ден аса адам рейдтік шараға қатысты. Елімізде жылыту маусымы басталғалы мыңға жуық өрт тіркелген. 41 адам қаза тапқан.
Самал Қабышева